«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің педагогтерініңфасилитаторлық қызметін жетілдіру арқылыбілім алушылардың метапәндік дағдыларын дамыту»: 11 комментариев

  1. «Фасилитаторлық тәсілдер арқылы оқушының ойлау, талдау, зерттеу, өз білімін бағалау қабілеттері дамитынына көзім жетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүмкіндігі өте кең — тек мәтін талдау емес, өмірмен байланыстыру арқылы терең ойлауға баулиды. Курстың мазмұны мен форматы жоғары деңгейде ұйымдастырылған.»

  2. «Бұл курс маған тек жаңа білім беріп қана қоймай, фасилитатор ретінде өзімді жаңа қырдан тануыма мүмкіндік берді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында метапәндік дағдыларды дамыту тәсілдерін нақты, тиімді мысалдармен көрсетуі — курс ерекшелігі деп есептеймін. Енді мен тек пән мұғалімі емес, оқушылардың ойлау қабілетін дамытушы жетекші екенімді түсіндім.»

  3. «Фасилитаторлық әдісті меңгеру – қазіргі білім беру талаптарына сай мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды бағыты. Бұл курс педагогтердің оқыту тәсілін қайта қарауына, оқушыны сабақтың орталығына қоюға және метапәндік дағдыларды — сыни ойлау, рефлексия, өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамытуға нақты көмек береді.»

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің педагогтерінің фасилитаторлық қызметін жетілдіру арқылы білім алушылардың метапәндік дағдыларын дамыту» курсы – қазіргі заманғы білім берудің сұраныстарына сай келетін, өте өзекті бағдарлама. Курстың барысында фасилитаторлық тәсілдің мәні мен маңызын терең түсініп, оны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану жолдарын үйренуге болады.

    Әсіресе білім алушылардың сыни ойлау, шығармашылық, коммуникация және коллаборация секілді метапәндік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдер өте пайдалы. Курс мазмұны ғылыми негізделген, практикалық тұрғыдан нақты құралдармен толықтырылған.

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің педагогтерінің фасилитаторлық қызметін жетілдіру» курсы мен үшін өте маңызды әрі пайдалы болды. Бұл курстың барысында мен фасилитаторлықтың мәнін, оның оқыту процесіндегі рөлін тереңірек түсіндім. Әсіресе, оқушының жеке дамуына жағдай жасау, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және оқытуды басқарудың тиімді тәсілдерін қолдану жөніндегі білімім кеңейді.

  6. Қазақ тілі мен әдебиеті Курсы аясында ұсынылған теориялық материалдар мен практикалық тапсырмалар менің кәсіби құзыреттілігімді арттырып, сабақты жаңаша, фасилитаторлық көзқараспен жүргізуге ынталандырды. Сонымен қатар, әріптестеріммен тәжірибе алмасу, өзара пікір бөлісу сессиялары өте құнды болды.

  7. Бұл курстың мазмұны мен ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Фасилитатор ретінде жұмыс істеу барысында енді оқушылардың дербестігін арттыруға, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және білім алудағы белсенділігін қолдауға ерекше көңіл бөлетін боламын.

  8. Бұл курстың мазмұны мен ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Фасилитатор ретінде жұмыс істеу барысында енді оқушылардың дербестігін арттыруға, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және білім алудағы белсенділігін қолдауға ерекше көңіл бөлетін боламын.

  9. Бұл курс мен үшін өте пайдалы болды. Сабақ барысында фасилитаторлық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үйрендім. Енді сабақтарым әлдеқайда қызықты әрі нәтижелі өтуде.

  10. Курс маған кәсіби біліктілігімді арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Әсіресе, метапәндік дағдыларды қалыптастырудағы заманауи тәсілдер өте ұнады. Практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әдістерді өз сабағымда қолдануды үйрендім. Оқушылардың белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылығы артқанын байқадым.

  11. Керемет ұйымдастырылған курс! Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында фасилитаторлық қызметті тиімді жүргізу жолдарын жан-жақты меңгердім. Теория мен практиканың үйлесімділігі жоғары деңгейде. Әсіресе, топтық жұмыстар мен диалогтік оқыту әдістерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады екен. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Есть вопросы?

Напишите нам.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время!

О нас

Академия Педагогов и Психологов РК – переподготовка педагогов по образовательной программе в РК. Повышение квалификации и образовательные курсы для ДОУ.

Контакты
Адрес